Жамбыл Жабаев – жүз жасаған бәйтерек
Ақпанның 28 күні Алматы қаласы, Бостандық ауданы j№40 жалпы білім беретін мектепте жыр алыбы Жамбыл Жабаев атамыздың 28 ақпан туған күніне орай «Жамбыл Жабаев – жүз жасаған бәйтерек» атты жыр байқауы өтті.
Жыр додасының өткізудегі басты мақсат – ақын шығармаларын жас ұрпаққа насихаттау, сол арқылы жас ұрпақтың бойынан елге деген, қазақ тіліне деген сезімді ояту.
Байқау алдында мектеп басшысы Сарбағысов Асқар Темірханұлы Жамбыл атамыздың рухани бай мұрасы ұлтымыздың әдебиет бағытындағы жас ұрпақтың бойына патриоттық сезімді беретін басты құндылықтарымыздың бірі екенін айтып өтіп, байқауға қатысушы жастарға сәттілік тіледі.
Бұл Жамбыл атамыздың құрметіне арналған жыр байқауында оқушыларымыз ақынның туған жерге деген, батырларға арналған жырлары туралы, Ұлы Отан соғысына байланысты патриоттық өлеңдер тақырыптарында жазылған жыр туындыларынан, өлеңдерінен мәнерлеп жатқа айтып жыр сайсына түсті.
Байқауға қазылық еткен еліміздің ақын, жазушы зиялы қауым өкілдері: ақын, публицист, ЮНЕСКО сыйлығының лауреаты, Қазақ телевидениясының құрметті қызметкері – Жұмаш Кенебай, Балаларға арналған республикалық «Мөлдір бұлақ» журналының Бас редакторы болған. Қазір «Президент және халық» газетінің бас редакторы. Қазақстан Журналистер одағы сыйлығының лауреаты. Публицистикалық мақалалардың, «Қазақстан–1» телеарнасындағы «Жұмадағы жүздесу», «Атамекен», «Түркі әлемі», «Истоки», «Сәлем, ХХІ ғасыр!», «Қадыр түні» сияқты жұртқа танымал жобалардың авторы. Елбасының алғыс хаттарымен марапатталған, «Астана» медалінің иегері – Марат Тоқашбаев, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ филология және әлем тілдері факультеті жанындағы Жамбыл атындағы Қазақ фольклоры мен әдебиетін зерттеу орталығының жетекші ғылыми қызметкері – Какимова Ардақ, Алматы қаласы Жамбыл атындағы қалалық жасөспірімдер кітапханасының қызметкері – Қозыбекова Роза Сұлтанғазықызы байқаудың жоғары деңгейде әділ өтуіне төрелік етсе, мектебіміздің бастауыш сынып мұғалімі Шахабай Ұлбала Мұханқызы байқаудың басты ұйымдастырушы және жүргізуші қызметін жақсы деңгейде атқарды.
Байқау нәтижесінде үздік деп танылғандар жеңіс тұғырынан көрініп, жүлделі орындарға үздік оқушылар ие болды.