БОЛАШАҚҚА БАҒДАР: РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ – ҚАЗАҚСТАННЫҢ ҚАСИЕТТІ РУХАНИ ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫ

Жақында Жамбыл атындағы «Қазақ фольклоры мен әдебиетін ғылыми-зерттеу орталығының жетекшілігімен  филология және әлем тілдері факультетінің 2 курс студенттері, Алматы облысындағы  Жамбыл және Шамалған селосындағы ҚР Тұңғыш Президентінің атындағы «Атамекен»  мұражайына жол сапармен барып, қайтты. Көшпелі оқу – семинар сабағы Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру бағдарламасы аясында ұйымдастырылды.

Қазақстанның қасиетті рухани құндылықтары – мұражайлардағы  құнды жәдіргерлермен студенттерді таныстыру, бойларына патриоттық рухты сіңіру, тәрбиелеу болса, осы бағыттағы эдвайзерлердің, кураторлардың жұмыстары ерекше екені анық.    «Бес саусақ бірікпей, ине қолға ілікпейді» деп Елбасы айтқанындай тәлімдік-тәрбиелік мәні бар бұл сапарға айтарлықтай өз үлестерін қосқан факультет деканы Ө.Әбдиманұлы, орталық жетекшісі А.Мауленов, эдвайзерлер кураторы Ш.Шортанбаев, қазақ әдебиеті және әдебиет теориясы кафедрасының оқытушылары  Г.Оспанова,  А.Оспанова.

Болашақта факультеттің биылғы қабылданған 1-курс студенттерімен осы бағдарлама аясында  барып-қайту жұмыстары ұйымдастырылуда. Ұйымдастыру жұмысына университет тарапынан қолдау көрсетіліп, көлікпен қамтамасыз етілгеніне Жамбыл атындағы «Қазақ фольклоры мен әдебиетін ғылыми-зерттеу орталығының атынан үлкен ризашылығымызды айтамыз.

                                                                  Ардақ Какимова

 Жамбыл атындағы «Қазақ фольклоры мен әдебиетін

ғылыми-зерттеу орталығының жетекші маманы