Түркіменстан елінен келген “Орыс тілі мен әдебиеті” мамандығында оқып жатқан 1-курс студенттері Жамбыл музей-үйі мен “Атамекен” тұңғыш президент мұражайында
Жақында Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дің филология және әлем тілдері факультеті жанындағы Жамбыл атындағы Қазақ фольклоры мен әдебиетін зерттеу орталығының ұйымдастыруымен Түркіменстан елінен келген «Орыс тілі мен әдебиеті» мамандығында оқып жатқан 1-курс студенттері Алматы облысындағы Жамбыл және Шамалған селосындағы ҚР Тұңғыш Президентінің атындағы «Атамекен» мұражайына барып танысып қайтты. Көшпелі-оқу семинар сабағы Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында ұйымдастырылды.
Жамбыл атындағы Қазақ фольклоры мен әдебиетін зерттеу орталығының жетекшісі ф.ғ.к.доцент А.Мәуленов, Қазақ әдебиеті және әдебиет теориясы кафедрасының мұғалімдері Ж.Абишев, Б.Баязитов, Н.Досановалар студенттермен бірлесе жұмыстар атқаруда өте нәтижелі жетістіктерге жетуде. «Ұстаздық еткен жалықпас, үйретуден балаға» деп кемеңгер Абай айтқанындай, студенттерге тәлім-тәрбие сабақтарын өткізіп, жиі саяхаттар ұйымдастырып жүрген кафедра оқытушыларына үлкен ризашылықтарын білдірген Түркіменстанннен келіп білім алып жатқан студенттері Қазақстанның қасиетті рухани құндылықтарына жататын мұражайлардағы құнды жәдігерлерімен танысып, мол рухани тағылым алғандарын жарыса айтып жатты.
Жамбыл атындағы Қазақ фольклоры мен
әдебиетін зерттеу орталығының
жетекшісі ф.ғ.д. доцент А.Мауленов,
жетекші маман А.Какимова