“ЖЫР АЛЫБЫ – ЖАМБЫЛ” атты әдеби-музыкалық кеш Жамбыл атындағы қалалық жасөспірімдер кітапханасында кеңінен аталып өтті.

“ЖЫР АЛЫБЫ – ЖАМБЫЛ” атты әдеби-музыкалық кеш Жамбыл атындағы қалалық жасөспірімдер кітапханасында кеңінен аталып өтті.

Қазақ халқының Ұлы ақыны Жамбыл Жабаевтің туғанына 174 жыл толуына арналған “Жыр алыбы – Жамбыл” атты әдеби-музыкалық кешті Көпшілік іс-шараларды ұйымдастыру бөлімінің басшысы Қозыбекова Роза сөз сөйлеп, Жамбыл апталығының басталуымен келген қонақттарды құттықтады. Кеш қонақтары: Белгілі қоғам қайраткері, жазушы Нағашыбек Қапалбекұлы, әл-Фараби атындағы қазақ Ұлттық университетінің Жамбыл атындағы ғылыми-зерттеу орталықтың жетекшісі, ф.ғ.д.доцент А.Мауленов, “Жамбыл қорының” төрағасы М.Ізбасаров, Жамбыл мұражайының директоры С.Жамбылова, Жамбыл мұражайының қызметкері Қ.Тезекбай және №143, 147, 161 мектеп, гимназия, лицей оқушылары мен №1 Алматы қазақ мемлекеттік гуманитарлық-педагогикалық колледж студенттері болды.