Жамбыл орталығы тұрақты жұмыс істейтін курстарға шақырады

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Қазақ әдебиеті және әдебиет теориясы кафедрасы мен

Жамбыл Жабаев атындағы Қазақ фольклоры мен әдебиетін зерттеу ғылыми орталығы

тұрақты жұмыс істейтін курстарға шақырады:

 

Білім беру курсының атауы Оқытушының аты-жөні Курстың қысқаша мазмұны Оқыту тілі Курстың құны
1 Шешендік өнердің негіздері және спичрайтинг Темірболат А.Б., филология ғылымдарының докторы, профессор

 

1. Көпшілік алдында сөз сөйлеудің құрылымы.

2. Сөйлеу техникасы мен мәдениеті. Вербалды емес коммуникация құралдары.

3. Шешендік сөздердің түрлері. Іскерлік және тұрмыстық сөйлеудің ерекшеліктері.

4. Сөйлеу психологиясы.

5. Спикердің бейнесі және көпшілік алдында сөйлеуге дайындық ерекшеліктері.

6. Берілген тақырып бойынша баяндама жазудың ерекшеліктері.

Орысша 30 000 теңге
2 Көркем шығармаларды талдау әдістемесі және оқушылар мен студенттердің ғылыми жобаларын дайындау принциптері Темірболат А.Б., филология ғылымдарының докторы, профессор

 

1. Көркем шығарманы талдау кезеңдері.

2. Жазушының шығармашылығын зерттеудің және әдебиет туындыларын талдаудың негізгі әдістері мен тәсілдері.

3. Тақырыпты таңдау және оның өзектілігі мен ғылыми жаңалығын негіздеу.

4. Ғылыми зерттеулердің құрылымы.

5. Ғылыми зерттеулерге қойылатын талаптар.

Қазақша, орысша 30 000 теңге
3 Мектепте мифтерді оқытудың әдістемелік тәсілдері Мәуленов А.А., филология ғылымдарының докторы, доцент м.а. 1. «Миф» ұғымының мазмұны.

2. Мифтің пайда болуы және оның негізгі түрлері.

3. Мифтерді зерттеу әдістемесі.

4. Орта мектептерде мифті оқыту принциптері.

5. Мифтерді зерттеу және талдау процесінде қолданылатын инновациялық технологиялар.

Қазақша 30 000 теңге
4. Түркі мифологиясының әлемдік мифтермен үндестігі мен ерекшеліктері. Мәуленов А.А., филология ғылымдарының докторы, доцент м.а. 1. Түркі мифтерінің негізгі сюжеттері мен бейнелері.

2. Еуропалық және шығыс халықтарының мифтері.

3. Әлемдік мифология: сюжеттердің, сарындардың байланысы мен үндестігі.

Қазақша 30 000 теңге
5. Шетелдік басылымдардағы ғылыми жарияланымдар Даутова Г.Р., PhD, доцент м.а. 1. Ғылыми мақаланың құрылымы.

2. Ғылыми жарияланымдарға қойылатын негізгі талаптар.

3. Scopus, Web of Science дерекқорына кіретін журналдарда жариялау үшін ғылыми мақаланы дайындау кезеңдері

Қазақша 30 000 теңге
6. Көркем шығармаларды талдау әдістемесі Оспанова Г.Т., филология магистрі 1. Көркем шығармаларды талдаудың принциптері мен әдістері.

2. Көркем шығарманың мазмұны мен құрылымы.

Қазақша 25 000 теңге
7. Филология және смарт-технологиялар Оспанова Г.Т., филология магистрі 1. Қазіргі кезеңдегі филологиялық пәндерді оқыту мәселелері.

2. Смарт-технологиялар туралы түсінігі.

3. Филологиялық пәндерді оқыту процесінде смарт-технологияларды қолдану ерекшеліктері.

Қазақша 25 000 теңге
8. Қазақ әдебиетін оқытудың инновациялық әдістері Оспанова Г.Т., филология магистрі 1. Оқытудың дәстүрлі және инновациялық әдістері.

2. Қазақ әдебиеті сабақтарында қолданылатын инновациялық технологиялар.

Қазақша 25 000 теңге
9. Онлайн білім берудің жаңа технологиялары. ЖАОК дайындау.

 

Шегебаев А.М., филология магистрі 1. Онлайн білім беру ерекшеліктері.

2. Білім беру процесінде қолданылатын компьютерлік технологиялар.

3. ЖАОК әзірлеу: принциптері мен талаптары.

Қазақша 30 000 теңге
10. Ағылшын тілі Шегебаев А.М., филология магистрі 1. Грамматика негіздері.

2. Ауызекі сөйлеу.

Қазақша 30 000 теңге
11 Көркем шығармаларды жазу өнері Жылқыбаев Д.А., филология магистрі 1. Көркем шығарманы жазудың негізгі кезеңдері.

2. Шығарманың тақырыбы, идеясы және тұжырымдамасы.

3. Көркем шығарманың жанры мен стилі.

Қазақша 20 000 теңге

 

Курстарда оқу ұзақтығы-3 апта.

Сабақтар аптасына 2-3 рет өткізіледі; теориялық оқыту мен практикалық сабақтарды қамтиды.

Курс аяқталғаннан кейін қорытынды тапсырманы сәтті тапсырған жағдайда сертификат беріледі.

 

 

 

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің қазақ әдебиеті және әдебиет теориясы кафедрасы мен Жамбыл Жабаев атындағы Қазақ фольклоры мен әдебиетін зерттеу ғылыми орталығы

келесі қызметтерді ұсынады:

 

 

Қызметтің атауы Құны
1 Оқушылар мен студенттерді ғылыми олимпиадаларға, конкурстарға дайындау 1 сағат үшін 2000 теңге
2 Жоғары оқу орындары мен мектептерге арналған оқулықтар мен оқу құралдарын сараптау және рецензиялау 10 000 теңге
3 Қазақ және орыс тілдеріндегі оқулықтарды, оқу құралдарын, монографияларды, диссертацияларды редакциялау және түзету 1 бет үшін 1500-2000 теңге
4 Мәтіндерді орыс тілінен қазақ тіліне және қазақ тілінен орыс тіліне аудару 1 бет үшін 5000 теңге
5 Қазақ, орыс, ағылшын тілдері, қазақ, орыс әдебиеті, риторика бойынша репетиторлардың қызметтері 1 сағат үшін 3000-5000 теңге

 

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің қазақ әдебиеті және әдебиет теориясы кафедрасы мен Жамбыл Жабаев атындағы Қазақ фольклоры мен әдебиетін зерттеу ғылыми орталығы «БАЛАЛАР ҮЙІНЕН ҒЫЛЫМҒА» қайырымдылық жобасын жүргізеді.

Жобаның мақсаты – балалар үйлері мен көп балалы отбасылардан шыққан дарынды балалардың шығармашылық ойлау және аналитикалық қабілеттерін дамыту.