«Алатаудың ақиығы — Сүйінбай» атты жылжымалы көрмесі

 

 

БАСПАСӨЗ БАЯНЫ

 

«Алатаудың ақиығы — Сүйінбай»  атты жылжымалы  көрмесі мен « Жаңа Қазақстан және Сүйінбай Аронұлының әдеби мұрасындағы бір мемлекет- бір халық идеясы» аты  дөңгелек үстел.

 

   2022 жылғы 9 қарашада сағ. 11:00-де әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде Алматы облысы әкімдігінің қолдауымен «Жамбыл атындағы Қазақ фольклоры мен әдебиетін зерттеу» орталығында «Алматы облысының музейлер бірлестігі» МКҚК «Алатаудың ақиығы — Сүйінбай» атты жылжымалы көрмесі мен «« Жаңа Қазақстан және Сүйінбай Аронұлының әдеби мұрасындағы бір мемлекет- бір халық идеясы» атты дөңгелек үстелі өтеді.

 

Ұлтымыз үшін айтыс пен Сүйінбай ақынның есімі егіз ұғым. Туғанына екі ғасыр толған тұлғаны көпшілік, әсіресе Алатау баурайындағы жұртшылық айтыскер ақын деп таниды. Өйткені шашасына шаң жуытпаған жыр сүлейі Сүйінбайдай ақын некен-саяқ. Осыдан 207 жыл бұрын қазақ даласында жыраулардың жалғасы, төкпе ақын Сүйінбай Аронұлы дүние есігін ашып, құс қанат ғұмырын киелі өнерге арнады. Қаршадайынан қолына домбыра алып, өлеңді өмірлік серік еткен ақын асыл мұрасына алпыс жылдан астам уақытын арнайды. Ол өзі өмір сүрген  алмағайып заманда отты жырларымен қазақтың рухын көтере білді.

Аронұлы Сүйінбай (1815 — 1898) – қазақтың әйгілі ақыны, айтыс өнерінің майталман жүйрігі. Туып өскен жері Алматы маңы, Жамбыл ауданына қарасты Қарақыстақ елді мекені. Сүйінбайдың ақындық дарының алтын бесігі халқының ежелден қалыптасқан өнерпаздық дәстүрі. Сүйінбай жырларындағы елдік пен батырлық жырлары, оның қырғыз ақыны Қатағанмен айтысындағы үш жүздің басын қосып жырлауы  — қазақ деген қасиетті халықтың тектілігін, батырлығын, бірлігін танытуға негізделгін. Ақын жырларындағы бір мемлекет- бір халық идеясы –Жаңа Қазақстанның бүгінгі келбетін айғақтағандай.

         Іс-шараның мақсаты — Сүйінбай ақын бабамыздың бойындағы дарындылығы атадан балаға мұра болып келе жатқан  тектік тарихы бар тамырлы өнерін келешек жас  ұрпаққа таныстыру  және Мемлекет басшысы Қ.Тоқаевтың Жаңа Қазақстан құрудағы мемлекеттік қағидаларының Сүйінбай Аронұлының әдеби мұрасындағы бір мемлекет- бір халық идеясымен байланысын насихаттау.

Көрмеге Алматы қаласының тұрғындары мен қонақтары үшін Сүйінбай Аронұлының әдеби шығармашылығын насихаттайтын шебер ақынның тегеурінді қарымын танытатын Сүйінбай Аронұлының әдеби-мемориалды музей қорында сақталған жәдігерлері қойылады. Дөңгелек үстел жұмысының барысындаСүйінбай поэзиясының терең философиясын, ой сұлулығы мен ақын тіліндегі поэтикалық өрнек айшықтары жайында талқыланып,зерделеудегі көкейкесті мәселелерді қарастырылады.

Іс-шараға Алматы облысы әкімдігінің өкілдері, БАҚ және музей достары қатысады.

Құрметті БАҚ өкілдері, сіздерді музейіміздің мәдени іс-шарасының құрметті қонағы болуға шақырамыз.

 

Өтетін орны мен уақыты:

Алматы қаласы, әл-Фараби даңғылы, 71

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті

«Жамбыл атындағы Қазақ фольклоры мен әдебиетін зерттеу» орталығы және журналистика факультеті

9 қараша 2022 жыл, сағ.11:00-де

Instagram: @museum_suinbai

Байланыс тел: 8 (72770) 63-5-75, 87089999988

Еmail:muzei.suinbai96@mail.ru